RU

Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты бұлтартпау шарасы туралы қаулы қабылдады деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Кәсіпкерге келтірілген күдік бойынша, ол 2005 жылы белгісіз тұлғалармен сыбайласып, бас пайдасы үшін, "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС-терінің тең басшысына қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалап, кәсіпкерліктердің жарғылық қорының бір бөлігін иемденіп алған.

Тоқмәди өз іс-әрекетімен 185 миллион 137 мың 246 теңге көлемінде ірі материалдық шығын келтірді. Бизнесмен 12 маусым күні сағат 7.50-де Қылмыстық кодекстің 194 бабы 3-бөлігі 2-пунктінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды.

Тағы оқыңыздар: Атышулы бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің екінші жары туралы не білеміз? (фото)

Сот қаулысымен бас прокуратура ведомствоаралық жедел тергеу тобы басшысының өтініші қанағаттандырылды. Сот бұлтарпау шарасы ретінде Мұратхан Тоқмәдиді 2 айға қамауға алуға шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, арнайы жасақ қызметкерлері дүйсенбі күні 12 маусымда Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді ұстаған боалтын.

Бірқатар БАҚ мәліметінше, танымал бизнесмен ұзақ уақыттан бері "Депутаттық корпус" қылмыстық тобын басқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524697-muratkhan-toqmadi-eki-aygha-qamaugha-aly.html