RU
Өзбекстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдердің қатарынан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Финансы

Өзбекстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдердің қатарынан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдердің рейтингінде екінші орынға жайғасты. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің "Ғаламдық экономиканың болашағы" басылымы келтірген мәліметтен белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Өзбекстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдердің қатарынан бір-ақ шықты

Осы жылы Өзбек елінің жалпы ішкі өнімі 7,6%-ға өседі деп күтілуде. Құжатта көрсетілгендей, Өзбекстанға қатысты жоғары баға мұнай бағасының өсуі, Еуроаумақтағы тұрақты өсім мен аймақтағы бірнеше ірі елдің қолдауына негізделген.

Рейтингте бірінші болып Эфиопия орналасқан. Бұл елдің жалпы ішкі өнімі 8,3%-ға өсетіні айтылған. Үшінші орында - Непал. Мұнда  жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 7,5%-ды құрайды.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе облысында он жастағы баладан жетпістегі қарияға дейін жат ағымның жетегінде кеткен

Айта кетсек, экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан елдерге Үндістан, Танзания, Джибути, Лаос, Камбоджа, Мьянма мен Филлиппин кіреді. Алайда олардың басым бөлігінің мемлекеттік қарызы жоғары деңгейде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
7
17
9
29
102
62
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel