RU

14 жыл бойы жерлестерін сәресіне оятып келген қарт христиан әлем назарын аударды

Мишел Айуб есімді мароккалық қарт христиан он төрт жылдан бері Рамазана айында ауыз бекіткен мұсылман жерлестерін сәресіне оятып жүр деп жазады Ihsan.kz.

Ол Қасиетті айда көне дәстүрді жаңғыртып отыр. Бұл дәстүр - жергілікті халықтың тілінде "месахарати" деп аталады.

Ауыз бекіткісі келетіндерді оятатын бүгінгідей электр энергиясымен жұмыс істейтін түрлі құрылғылар болмаған кезде қолға алынған тамаша дәстүр бойынша Мишел Айуб түнгі сағат бірден таңғы сағат төртке дейін жатпайды.

Қолына даңғырасын алып, көше кезіп, адамдарды оятып жүреді.

Тағы оқыңыздар: Мұсылмандарға ауызашар берген христиан шіркеуі елдің алғысына бөленді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524894-14-zhyl-boyy-zherlesterin-saresine-oyatyp-k.html