RU

Сиам егіздері туған күндерінде ғажайып сыйлық алды (фото)

Сиам егіздері өміріндегі алғашқы туған күніне керемет сыйлыққа ие болды: олар өмір сүруге мүмкіндік алды. Дәрігерлер кішкентай Эрин мен Эбби Деланиді 11 сағатқа созылған отада екіге бөлді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Қыздардың бастарының жоғары бөлігі қосылып кеткен. Мұны «паразитарлы краниология» деп атайды және ол өте сирек кездеседі.

Арнайы ота Филадельфиядағы балалар ауруханасында жасалған. Аталмыш аурухана бұған дейін дәл осындай 23 операцияны сәтті өткізіпті.

Тағы оқыңыздар: Мұсылмандарға ауызашар берген христиан шіркеуі елдің алғысына бөленді (фото)

Операцияны түрлі саладағы 30 маман жасады. Топтың құрамына – дәрігерлер, мейірбике, нейрохирургия, пластикалық және реконструтивті хирургияның дәрігерлері мен анестезиология мамандары кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524924-siam-egizderi-tughan-kunderinde-ghazhay.html