RU

Атырауда балалар лагерінде жүрген бірінші сынып оқушысы жоғалып кетті (фото)

Атырауда бірінші сынып оқитын қыз балалар лагерінен жоғалып кетті. Полиция қызметкерлері бүлдіршінді іздестіріп жатыр.

Полицейлердің мәліметінше, оқушы қыз Бесікті ауылындағы "Тұлпар" балалар лагерінен кетіп қалған.

Қазіргі уақытта жоғалған қызды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"14 маусым күні сағат 17.15-те бүлдіршін лагерьден шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған", - деп мәлімдеді Атырау облыстық ІІД.

Тағы оқыңыздар: Алматыда терроримзді насихаттаған келіншек бар болғаны бес жылға сотталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524942-atyrauda-birinshi-synyp-oqushysy-tus.html