RU

Ата-анасы өлдіге санаған 10 жастағы қыз аяқ астынан тіріліп кетті (фото)

АҚШ-та ауыр дертке шалдыққан 10 жастағы Эбби Фарко өлдіге саналса да, аяқ асты тіріліп кетіп, ата-анасын қуантты. Бұл туралы NUR.KZ поратлы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт жасында лейкемия дертіне шалдыққан қыздың өмірі күреске толы.

"Сол кезде дәрігерлер оның тірі қалу мүмкіндігі 20% ғана деді. Біз қайғыға баттық", - дейді қыздың анасы Пэтти.

Ауыр емнен кейін 2013 жылы қыз толықтай айығып, бір жыл бойы ел қатарлы өмір сүреді.

Алайда бір жылдан кейін қатерлі ісікке қайта шалдыққан Эбби, тіпті қозғала алмай қалған. Оған сүйек кемігін ауыстыру отасы жасалса да, қыздың ағзасы оны қабылдай алмапты.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да ауыл тұрғыны үш адамды атып тастады

Ақыры жасанды тыныс алу аппараты сөндіріліп, Эбби өлдіге саналады. Ата-анасы қызының жансыз мәйітін көріп, егіле жылап отырады. Бір сәтте аяқ асты марқұм қызға тіл бітіп, "Мен өмірде әлі талай дүниелерді істеуім керек" дегенде, ата-анасы өз көзіне сене алмаған.

Бұл жайттан кейін қайта емханаға жатқызылған Эбби дертін біртіндеп жеңіп жатыр. Дәрігерлер бұл жайтты ғажайыпқа теңеуде.

Тағы оқыңыздар: Сиам егіздері туған күндерінде ғажайып сыйлық алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525024-ayaq-asty-tirilip-ketken-marqum-qyz-ata.html