RU

Науқас балалар аяусыз өлтірілген емхана қаңырап қалды

Психикалық тұрғыдан науқас балаларды аяусыз өлтіріп келген Нью-Йорктегі емханалардың бірі 20 жыл бұрын жабылып қалған. Бүгінде бұл қаңыраған мекенге адамдар аяғын аттап баспайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш емхана Нью-Йорк маңындағы Лечуорт атты ауылда орналасқан. Ауылды Уильям Лечуорт есімді азамат игі ниетпен ашады. 130-ға жуық ғимараттан құралған ауылда писхикалық науқастар ел қатарлы өмір сүріп, еңбек етеді деп күтілген еді.

Тағы оқыңыздар: Ата-анасы өлдіге санаған 10 жастағы қыз аяқ астынан тіріліп кетті (фото)

Ал дәрігерлер мен арнайы қызметкерлер науқастарға қарайласып жүруі тиіс болатын. Алайда ауыл 1911 жылы ашылғанда Лечуорт мезгілсіз қаза болады. 1921 жылы ауылға 1200 науқас көшіріледі.  Емханаға жатқызылған науқастардың дені кішкентай балалар еді. 

Қатыгез қызметкерлер балаларға қарайласудың орнына, оларды үлкен азапқа салып отырған. Билік науқастарды түрлі епкелердің сынағына пайдаланып, өмірін ойыншыққа айналдырады. Нәтижесінде халық шу шығарып, аталмыш ауыл 1996 жылы жабылып қалады.

Содан бері қаңыраған күйге түскен бұл ауылға тірі жан аяғын аттап басқысы келмейді.

Тағы оқыңыздар: 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525120-nauqas-balalardy-ayausyz-oltirip-kelg.html