RU

Баспанадан әбден тарыққан үш балалы әйел шалға тұрмысқа шығуға дайын

Бүгінгідей қым-қуыт заманда жалғызбасты әйелдерге қиын. Әсіресе өзінің баспанасы болмаса деп жазады Замана басылымы.

Жазба авторы бірге жұмыс істейтін әйелдің басындағы қиын жағдайын баяндап, оның балалары үшін тіпті, жасы келген қарияға да тұрмысқа шығуға дайын екенін сөз етті.

«Әпке, сізге сырымды айтайын деді Айман. Несін жасырайын, қазір мен балаларымның жағдайын жасайтын шалға да тиіп кетуге дайынмын. Үйі болса болды. Жұмыс табудың қиындығынан бөлек, басымда баспанам жоқтығынан әбден шаршадым. Квартирадан квартираға көшудеміз. Жалғызбастыларды болмаса, бала-шағасы барларды бүгінде квартираға да алмайды.

Біз ата-анадан екі қызбыз. Әпкемнің өз үй-жайы бар, жағдайлары жақсы. Оның маған көмектескісі-ақ келеді, бірақ қолында ештеңе жоқ. «Ең құрығанда аптасына бір мәрте үйге келіп, балаларыңмен аунап-қунап қайтсайшы», – дейді. Өзіміз де барып тұрамыз ғой, бірақ жездемнен қысыламын. Ол бізді жақтырмайтынын кейінгі кездері ашық білдіріп жүр. Осыны білгесін үйіне бармай-ақ қояйын десем, әпкем уайымдап телефон шалады, үйіне шақырады. Ал барсам болды, жездемнің қабағы түнеріп кетеді.

Тағы оұыңыздар: Қарындасын емірене әлдилеген Қыдырәлінің ұлы елді елжіретті (фото)

Негізі жездем жаман адам емес. Мені сыйлайды. Бірақ балаларды бөтенсиді ме, әйтеуір жақтырмайтынын ашық сездіретін болып жүр.

Мен қазір үй-жайы болса, шалға тиіп кетуге де әзірмін. Бәріне көнуге бармын. Тек балаларымның жағдайын жасаса, үйінде өз үйіміздегідей еркінірек жүрсек, мен үшін бақыттың үлкені сол болып тұр. Ақыры халімді білдіңіз ғой, сондай адам болса, қарастыра жүріңізші...», - деген әп-әдемі, жас әйелдің мына күйі менің жүрегімді езіп жібергендей болды дейді автор.

Айманның айтуынша, өзінің қыздай қосылған күйеуі ішімдікке құмар, ұрда-жық, сотқар жан болыпты. Төрт-бес жыл ит-ырғылжың тұрмыс кешкесін әбден көңілі қалып, одан ажырасып кеткен екен.

Тіпті одан заңды түрде алимент алуға да жүрегі дауаламапты. Құтылғанын олжа көргенін айтады. Күйеуінің қайда жүргенін білмейді, ол бұларды іздемейді де екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525152-baspanadan-abden-taryqqan-ush-balaly.html