RU

Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек бәрінен озып кетті

Бауыржан Байбек
Фото: nurotan.kz

«Саясат-Monitoring» тобы әкімдер рейтингісінің мамыр айындағы нәтижесін жария етті. Сонымен бұл айда көш басында Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

1-7 маусым аралығында жүргізілген сауалнамаға сарапшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер мен журналистер, яғни бас-аяғы 25 адам қатысқан.

Осы айдағы рейтинг бойынша, екінші орынға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жайғасқан. Елорда әкімі – 12,4 дауыс жинапты. Ал үштікті 12,3 дауыспен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тәмамдады.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы Бәйтеректің жөндеу жұмысынан кейінгі келбеті қандай? (фото)

Сарапшылар төртінші орынға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты лайық деп тапса, бесінші орынды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке берген.

Ал наурыз бен сәуірде 9-орыннан көрінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жолы алтыншы орыннан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525162-akimder-reytinginde-bauyrzhan-baybek.html