RU

Шикі балық жеген сегіз жасар қыздың ішінен алып құрт шықты

Тайваньда сегіз жасар қыз сашими жегеннен кейін емханадан бір-ақ шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы opposingviews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайбэе мейрамханасында сашими жегеннен кейін бірнеше ай өткенде қыз баланың іші қатты қыши бастаған. Ата-анасы қызын бірден емханаға алып барады.

Тағы оқыңыздар: Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек бәрінен озып кетті

Дәрігерлер оның асқазанында екі жарым метрлік ұзын құрт барын айтады. Олар құртты қыздың асқазанынан алып шығып, бірқатар дәрілер берген. Бүгінде қыздың жағдайы жақсарып келеді. Дәрігер Хен Шеньюань қыздың ішіндегі құрт бір айдан астам уақыт болғандықтан, үлкейіп кеткенін айтуда. Ол құртты алып шыққанда жәндіктің тірі болғанын алға тартты.

Айта кетерлігі, сашими шикі балық етінен жасалады. Ал қыздың асқазанынан табылған құрт негізінен әбден ластанған шикі балықтардың етін мекен етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525163-sushi-zhegen-segiz-zhasar-qyzdynh-ishinen-u.html