RU

Асхат Тарғын жас келіншегін бақытты ету үшін арнайы әдебиет оқуға кірісті (фото)

Асхат Тарғын екінші жарын бақытты ету үшін арнайы әдебиет оқуға кірісті. Ол өзінің құрдасы жазған "Бақытты отбасы болудың құпиясы" деп аталатын кітабын оқуға кеңес берді.

Жуырда ғана екінші мәрте шаңырақ көтерген әнші желі қолданушыларына "Бақытты отбасы болудың құпиялары" деп аталатын психологиялық кітапты оқуға кеңес берді.

"Сейсенбаева Жанар құрдасымның туындысы,"Бақытты отбасы болудың құпиясы" атты кітабын сыйға тартты. Жанарға көп-көп рахмет. Шаңырақ көтерген отбасыларға алып оқуға кеңес беремін! Əр отбасы бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Қарындасын емірене әлдилеген Қыдырәлінің ұлы елді елжіретті (фото)

Ал желі қолданушылары болса, кітапқа қызығушылық танытып, оны қайдан алуға болатынын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525181-askhat-targhyn-zhas-kelinshegin-baqytty-e.html