RU

Талантты қазақ боксшысы кәсіби бокстың шыңын бағындырмақшы (фото)

Бүгін Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында КСРО- ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко мен белгілі кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Алдымен сөз алған Виктор Леонидұлы еліміздегі кәсіпқой бокс деңгейінің қарқынды түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Тағы оқыңыздар: Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек бәрінен озып кетті

"Промоутерлік компаниялардың қатары көбейіп, қазақ боксшыларына үлкен жекпе-жектер өткізетін мүмкіндік арта түсті. Әсіресе Айдар Шәрібаев секілді жігіттерге жол ашып жүрген отандық «Diamond RING» промоутерлік компаниясының әлемдік беделі де жоғары. Сондықтан біздер алдағы күндері ЭКСПО аясында осы «Diamond RING» компаниясының ұйымдастыруымен үлкен кездесулерге куә болуымыз ғажап емес", - дейді ол.

Айдар Шәрібаевта алдағы мақсат-жоспарларымен бөлісті. Кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісінен кейін сәл тынығып алған боксшы дайындық жұмыстарына қайта кірісті. Шәрібаев келесі жекпе-жегін чемпиондық белбеу үшін өткізуі әбден мүмкін. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыздар: Жанқош Тұраров: Әйгілі Мейвезердің өзі келіп рейтингімді сұрады

"Мен барлық кездесулерге үлкен жауапкершілікпен қараймын. Майамиде мықты боксшылармен, білікті бапкерлермен жұмыс жасадым. Қазақ кәсіпқой боксшыларына осындай жағдай жасап отырған отандық «Diamond RING» промоутерлік компаниясына алғысым шексіз. Мақсат біреу, бағыт айқын. Әлем чемпионы атанып, ел абройын асқақтату", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525224-talantty-qazaq-boksshysy-kasibi-bokst.html