RU

Қаскөйлер жаңадан сайланған премьердің әйелін атып кетті

Лесотода жаңадан сайланған премьер-министр Том Табаненің әйелін атып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

58 жастағы Липолело Табане көңілді кештен кейін үйіне қайтып бара жатқан. Алайда жолай оған белгісіз біреу тап беріп, тура көлігінің ішінде атып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Баспанадан әбден тарыққан үш балалы әйел шалға тұрмысқа шығуға дайын

Ол күйеуі Томның инаугурациясы өткеніне бірнеше сағат болмай жатып өлтірілген. Қайғылы жағдай Масана қаласына жақын маңда болды. Қылмыскердің не үшін Липолелоны атып кеткені әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525268-qaskoyler-zhanhadan-saylanghan-premer.html