RU

Ардагерлер үйіндегі "былықтың" бетін ашқандар дауға қалды (видео)

Күні кеше Алматыдағы "Ардагерлер үйіндегі" ақсақалдың 35 теңгеге газет сатып, басшылық зейнетақысын алып алады деп айтып берген видеосы пайда болған еді. "Ардагерлер үйінің" басшылығы бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, видеодағы ақсақалдың бұл әрекетін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео Instagram желісіндегі shyndykz деп аталатын пабликтердің бірінде жария етілді.

Видеоны түсіріп тұрған әйел қарттардың мұндай шарасыз халін жария ету қажет екенін айтқан. Темір қақпаның ар жағында тұрған қария зейнетақысын бастықтар алатынын айтты. Сонымен бірге, ол ардагерлерді сыртқа серуендеуге де жібермейтінін айтты.

Ақсақалдың айтуынша, оның Ардагерлер үйінде тұрғанына 12 жыл болған. Оның отбасы мүшелері қайтыс болған екен. Сонымен бірге ол ер адамның: "Тамақтарың тоқ па?", - деген сұрағына "Жоқ" деп жауап берген.

Желі қолданушылары болса, қатты ашуланып ақсақалға аяушылық танытты.

"Қарттарымыз қазынамыз деген сөз қайда қалды?", "Оларды жазалау керек", - деп шулады оқырмандар. Олар ақсақалдың неліктен 35 теңгеге газет сатып алуға мәжбүр болғанын білгісі келді.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Оралда 65 жастағы әжей тұңғыш рет тұрмысқа шықты

Алайда Эрлан Чулаков есімді ақсақалдың туыстарының айтуынша, зейнеткер психологиялық ауытқушылығы бар деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Мен ағамның газет сатып жүргенін білген де жоқпын. Ешқашан көрмегем. Бізді жақсы тамақтандырады. Ештеңеге мұқтаж емеспіз. Эрлен тамақты таңдап ішетін адам. Жуындырады, төсегіміз де үнемі таза. Дәрігерлеріміз жақсы. Қазіргі жағдайымызға шағымымыз жоқ", - дейді виоедағы ақсақалдың інісі Ромэн Чулаков.

Эрлен мен Ромэннің мұндай тұрып жатқанына бес жыл болған. Оның денсаулығы сыр бергендіктен, сөйлеуі де қиындаған. Екеуінің де туыстары болғанымен, балалары жоқ. Ал Эрленді сыртқа шығармауының себебі, ақсақал есін жоғалтқан. Сондықтан оның адасып кетуінен қауіптенеді екен.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да тағы да шу: Шымкенттен келген бір топ мұғалімді күзетшілер кіргізбей қойды

№8 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Римма Кульбаева болса ақсақалға қасақана сұрақтар қойып, видеоға түсіріп алған әйелді жауапқа тарту керек екенін айтты.

Әлеуметтік мекемедегілер қалалық ІІД-не ол әйелдің үстінен арыз жазбақшы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525269-ardagerler-uyindegi-bylyqtynh-betin.html