Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

79 жастағы астаналық қария кездесуге баратын жас қыз іздеп жүр

Опубликовано:

Бүгінде қыз бен жігіттің танысып, тіл табысып кетуі үшін мүмкіндіктер көп. Бұрындары жастар бір-бірімен туған-туыс, достары, тамыр-таныстары арқылы табысып жатса, қазір олардың орнын әлеуметтік желілер, түрлі танысу сайттары басқан. Олардың арасында неке агенттіктеріне де сұраныс жоғары. Соған қарамастан Астана сияқты ірі қалаларды жалғыз жүрген жандар көп. Осыған орай NUR.KZ порталы астаналық бойдақтардың санын азайту бағытында жұмыс істеп жатқан неке агенттіктерінің біріне бас сұқты.

Елордадағы Гименей неке агенттігінің жетекшісі Татьяна Логвиненконың айтуынша, әлеуметтанушылар жалғыздықты ХХІ ғасырдың ең басты проблемасы деп атайды. Маманның сөзінше, қазіргі таңда жастарға бір-бірімен танысу үшін мүмкіндік көп. Тек уақытты өткізіп алмау керек.

Неке агенттігіне қай жастағы астаналықтар жүгінеді?

Астаналық неке агенттігінің жетекшісі портал тілшісімен қызықты сандармен бөлісті.

«Астанада неке агенттіктерінің қызметіне әр түрлі жастағы жалғызбасты жандар жүгінеді. Бізге 32 жастан жоғары азаматтар келеді. Әрине, 24 жастағы қыз-жігіттер де бар, бірақ олардың саны аз. Құдайға шүкір, жастарымыздың мейрамханалар мен клубтарда, кинода, отырыстарда танысатыны қуантады. Бізге тіркелген ең үлкен азаматтың жасы 79-да», - дейді Татьяна Логвиненко.

Тағы оқыңыздар: Баспанадан әбден тарыққан үш балалы әйел шалға тұрмысқа шығуға дайын

Мұндай мекемелер өздеріне келген жандардан отбасы құрамы туралы, сотталмағаны туралы анықтама, наркодиспансер, психоневрологиялық  диспансерден қажетті құжаттарды талап етеді.

Астанада өмірлік серігін іздеп жүрген жандар қандай мамандық иелері?

«Егер біздің базадағы адамдардың жалпы көрінісін алсақ, онда оны шынайы қоғамның айнасы деуге болады. Әйелдер арасында өмірлік серігін таппай жүрген жандардың қатарында бухгалтер, мұғалім, медицина қызметкерлері, заңгер, экономистер көп. Ал ерлер арасында заңгерлер, құрылыс компанияларының басшылық қызметіндегі астаналықтар жиі ұшырасады. Ал былайша, қорымызда бизнесмендер, шенеуніктер, үй шаруасындағы әйелдер де тіркелген.

Неке агенттігінің маманы астаналықтардың мұнда келуінің ең басты себептерін атады.

 «Егер сен университетте тұрмысқа шығып, үйленіп үлгермесең, содан кейін біреумен танысып, табысып кету қиынға соғады. Социологтардың зерттеуінше, үлкен қалаларда әйелдер мен ер азаматтардың арақатынасы сегізге біреуден тиеді. Тіпті он екі әйелге бір ер адамнан келетінін есептеп шығарған. Бұл - сұранысқа ие 30-дан 50 жасқа дейінгі ерлерді есепке алғанда шыққан сандар. Сондай-ақ, ерлердің қатарында алкогольге, нашақорлыққа тәуелді жандар, ЛГБТ өкілдері бар екенін ескеру керек. Ал, қалған жөні түзу бойдақ азаматтардың ақша табу үшін ертеден қара кешке дейін жұмыс істеуден қолы босамайды. Астаналықтардың өмірлік серік таппай жүруінің тағы бір себебі – бұл шенеуніктер қаласы. Мұнда адамдар жеке өміріне көп уақыт бөле алмайды», - дейді маман.

Татьяна Логвиненконың өзі неке агенттігін басқарып отырса да, осындай мекеме арқылы танысып үйленгісі келетін жандардың есеп бойынша отау тігетінін айтады.

 «Мен, мысалы, болашақ жарымның білімді болғанын, көп тіл білгенін, жалқау емес, еңбекқор болғанын қалаймын. Бұл да есеп. Бірақ жүрек дір етпесе, тағы болмайды», - дейді ол.

Болашақ жар іздестіру бойынша қызмет атқаратын мамандар күнделікті қызықты жайттармен бетпе-бет келіп жататынын айтады. Татьяна өзін таңғалдырған бір оқиғаны баяндап берді. Астаналық 79 жастағы қария "Маған екінші әйел тауып беріңдер" деп өтініш айтқанда, мамандар оған қалай жауап берерін білмей абдырап қалған.

«Қария ең бірінші рет келгенде біз оған не деп жауап берерімізді білмедік. О баста бізге бір әйел телефон шалып, менеджермен кездесуге жазылған еді. Алайда оның орнына ер азамат келді. Біз таңғалдық. Бір жағынан осындай жастағы адамның серік іздеп жүргеніне қуанып қалдық. Біз әдеттегідей оған бірінші сұрағымыз - оның үйленген-үйленбегенін сұрадық. Ол әйелі бар екенін айтты. Ал біздің тек бойдақтармен жұмыс істейтініміз белгілі. Сондықтан оған қызмет көрсете алмайтынымызды айттық. Ол бұған келіспей, бізге басындағы жағдайды баяндап берді. Сөйтсек, оған басқа әйел ал деп өзінің бәйбішесі ұсыныс тастапты. Қария 20 жылдан астам төсек тартып жатқан әйелін осы уақытқа дейін өзі қарап келеді екен. Ол кісі бізге: «Мен біреумен сөйлесіп, шер тарқатқым келеді, театрға барып, бой жазғым келеді», - деген тілегін айтты. Міне, бұл біздің барлық ережемізге сай келмесе де, қабылдаған жалғыз жағдай», - дейді Татьяна.

Мамандар қарияның отбасы жағдайын қатысты шындықты айтқаны үшін онымен келісімге барғанын айтады.

Астанадағы неке агенттігіне некеде тұрғандар да қызық іздеп келетін көрінеді. Алайда мамандар оларға көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартады екен. «Біз тоқал, спонсор, көңілдес, ашына іздемейміз. Эскорт қызмет көрсетпейміз»

Татьянаның айтуынша қазақ қыздарына шетелдіктер тарапынан сұраныс бар, алайда олардың саны аз. Олар көбінесе, бұрын Қазақстанда тұрып, басқа елге көшіп кеткен азаматтар.

Тағы оқыңыздар: Жігіттер қандай қыздарға үйленгісі келмейді?

Адамдарды табыстыру саласының маманы тұрмысқа шықпаған қыздарға өз кеңесін де берді.

Ол жас қыздарды уақытты өткізіп алмауға шақырды.

«Мен қыздардың түрлі басылымдарда, интернетте жазылғандай ер азаматтарға қоятын талаптардың жоғары екенін түсінемін. Бірақ олар кейде талаптарды асыра сілтеп жібереді, сөйтіп өзінің маңайында жүрген ерлерді байқамайды. Егер бізде 20 жастан асқан соң тұрмыс құру керек болса, сол ұстанымнан алшақ кетудің қажеті жоқ. Әрине, 40 жаста да туып жатқан қыз-келіншектер бар, алайда ол біздің елде шектен шыққандық деп есептеледі. Мүмкін көптен бері серігін таппай жүрген жандарға психолог мамандарға барып, өзінің нені қалайтынын түсініп алуы қажет шығар», - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1525421-zhasy-kelgen-79-zhastaghy-astanalyq-qariya-o/

pixel