RU

Мұсылмандармен бірге ауыз ашқан Бельгия короліне ел сүйсінді (фото)

Бельгия королі Филипп қасиетті Рамазан айына құрмет көрсетіп, ауызашар рәсіміне қатысты деп хабарлайды muslim.kz.

Генте қаласында тұрып жатқан марокколық мұсылман отбасының шақыртуын қабыл еткен Бельгия басшысы олармен бірге ауыз ашып, ғибратты отырыс өткізді.

Тағы оқыңыздар: Миллион раушан гүлімен әрленген миллиардердің тойы қалай өтті?

Қонақжай отағасы мен оның сегіз ұлы мен келіні Бельгия короліне құрмамен ауыз ашу керектігін түсіндіргеннен кейін, біріге отырып Бельгия короліне қасиетті Рамазан айы жайында әңгімелеп берді.

Айта кетейік, халық саны 11 млн-ға жетеғабыл Бельгия мемлекетіндегі мұсылмандар саны 800 000-ға жуықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525508-musylmandarmen-birge-auyz-ashqan-bel.html