RU

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мырзахметов не үшін сөзге келіп қалды?

Конституция бойынша еліміздегі екінші адам, Ауыл шаруашылығы министріне жарнамадан қолы тимей жүр деп айып тақты деп хабарлайды KTK арнасы.

"Асқар Исабекұлы, сіз ауыл шаруашылығы саласының маманысыз, сізге үміт артып, премьер-министрдің орынбасары деген уәкілеттілік берді. Шешім қабылдаңыз, істі алға жылжыту керек! Бағдарламаны бізде жаза аламыз. Сол да қиын болып па?", - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыздар: Исекешев: Астаналықтар өзге қазақстандықтардан үш жылға ұзақ өмір сүреді

Сенат спикерінің бұл сөзіне шамданып қалған Мырзахметов,  төрағаның сыны мүлдем орынсыз деп отыр.

"Біріншіден, бұл бағдарлама енді ғана басталып жатыр. Сондықтан басталмай жатып қазір «анау қайда, мынау қайда?» деген кішкене артық деп есептейміз. Соған қарамастан осы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда біз жаңа бағдарламаның нәтижесін көріп отырмыз. Нақты  деректер бар", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525560-senat-toraghasy-qasym-zhomart-toqaev-pe.html