RU

Мәми Алматы қалалық сотының жаңа төрағасын таныстырды

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Алматы қалалық сотының жаңа төрағасын таныстырды. Жаңа келген басшы - Нұрғазы Әбдіқанов,  бұдан бұрын Ақмола облыстық төрағасы қызметін атқарған деп хабарлайды  соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның бұрынғы қызметіндегі жұмысын  сот төрағасы жоғары бағалады.

"Нұрғазы Әбенұлы осындағылардың көбімен таныс. Өз кезегінде ол Алматыда және Жоғары Сотта қызмет атқарған",- деді.

Мәми Әбдіқановқа көп жылдық кәсіби және өмірлік тәжірбиесінің  жаңа жұмысында пайдасы болатынына сенімді екенін атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Атыраулық 8 жасар қызды іздеуге аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды.

Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы 1962 жылы дүниеге келген.

 1988 жылы  Қарағандыдағы ішкі істер министрінің  жоғарғы мектебін бітірген, заң ғылымдарының докторы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525600-mami-almaty-qalalyq-sotynynh-zhanha-tora.html