RU

Ақтөбе облысында тендерді тек танысына бергізген әкімнің орынбасары қамауға алынды

Мұғалжар ауданының әлеуметтік саласына жауапты болған Қайырғали Назаров тергеу біткенше 2 ай бойы абақтыда отырады деп хабарлайды КТК арнасы.

Оған алаяқтық жолмен алты миллион теңгені қалтасына басты деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметінше, мұғалжарлық шенеунік қарамағындағы 7 ауылдың әкіміне спорт алаңын салу үшін «Еңбек-Ақтөбе» компаниясымен ғана келісімге отыруға мәжбүрлеген.

Тағы оқыңыздар: Басымен шеге қаққан жігіттерге көрермен таңдай қақты

Ал қызмет ақысын қымбатқа бағалап, үстінен көрген пайданы серіктестік басшысымен бірге бөліп алған деген де ақпарат бар. Қазір серіктестік басшысы да шенеунікпен бірге қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525692-aqtobe-oblysynda-tenderdi-tek-tanysy.html