RU

Көкшетауда ажырасуды қаламайтын жандарға ерекше курс ашылды

Көкшетауда ажырасып кетпеуді үйренгісі келетіндерге "ғашықтар курсы" ашылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында облыстық орталықтағы "Шаңырақ" қоры прокуратура және "Нұр Отан" партиясымен бірігіп, жаңа жобаны қолға алды. Бұл жобаның мақсаты - отбасылық құндылықтарды нығайтып, ажырасулар санын азайту.

Енді қос ғашықтар ерлі-зайыпты атанғанға дейін "отбасылық терапия" тренингісінен өтуі тиіс. Жас жұбайлар аталмыш курстан өтіп болмайынша, олардың некесі қиылмайды.

"Облыста бес жылда 28 709 неке қиылып, 12 672-сі ажырасып кетті. Бұл 44 пайызды құрап отыр", - деп өкінішін білдірді облыстың прокурор орынбасары Қуаныш Амралин.

Тағы оқыңыздар: Астанада карьера қуатын қыздар жігіт табу үшін жаппай неке агенттіктерін жағалап жүр

Отбасылық психолог Жұлдыз Бекахметова аталмыш курстың махаббаттан басы айналып, отбасындағы жауапкершілік мәселесін қаперіне ілмейтіндерге пайдасы мол деген пікірде.

"Болашақ ерлі-зайыпты курста өзінің жары туралы ойлана бастайды. Оларға түрлі отбасылық жағдайларды мысалға келтіріп, тығырықтан шығудың жолдарын көрсетеміз", - дейді ол.

Әзірге крустан бас тартқандар жоқ. Курс ұйымдастырушылар некесін қиюға ниеттілер енді ажырасуға асықпайды деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525731-azhyrasu-sany-orshigen-kokshetauda-zhas-zh.html