RU

Құлаған телефонына жармасқан жігіт унитазға тіреліп қалды (фото, видео)

Сүйікті телефонын унитазға түсіріп алған жігіт оны аламын деп унитазға тіреліп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқыс жағдай Түркияның Ерзурум қаласында болған. Жігіт емхананың унитаз шұңқырынан қолын шығара алмай қалып, айқайға басады.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да тағы да шу: Шымкенттен келген бір топ мұғалімді күзетшілер кіргізбей қойды

Жігіттің жанайқайын естіген емхана науқастары бірден құтқарушыларды шақырған. Бір топ құтқарушы жігітті құрсаудан алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525857-qulaghan-telefonyna-zharmasqan-zhigit-u.html