Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтардың етті қалай жейтінін естіген Джеки Чан күлкіге қарық болды (видео)

Опубликовано:

Әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанға сапары кезінде Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында қазақтардың етті қалай жейтінін естіген Джеки Чан күлкіге қарық болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев Джекиден біздің ел туралы не білетінін сұрады.

"Мұхитқа шыға алмайтын ең үлкен мемлекет. Газ бен мұнайға бай. Табиғаты да керемет. Жылқы етін жеп, қымыз ішеді", - деп ойымен бөлісті Джеки.

Ал Қоянбаев болса, әзілдеп: "Қазақтар ет жеуден дүниежүзінде екінші орын алады. Бірінші орында қасқырлар тұр", - деді.

Қоянбаевтың бұл сөзін естіген Джеки күлкіге қарық болды.

Тағы оқыңыздар: Абай Бегейдің өмірден озған жарына арнап шығарған әні елді жылатты

Сонымен бірге, сұхбат барысында, Джеки Қазақстанның табиғаты өте әдемі екенін алға тартып, "Доспехи бога" деп аталатын әйгілі кинокартинасын қазақ жерінде түсірмек болғанын алға тартты. Ол өзінің командасына біздің елді зерттеуге тапсырма берген екен. Алайда олар келе алмағандықтан бұл идея іске аспағанын айтты Джеки Чан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1525877-qazaqtardynh-etti-qalay-zheytinin-esti/

pixel