RU

Ди Каприо өзіне сыйланған "Оскардан" бас тартты

Танымал актер Леонардо Ди Каприо сыйланған "Оскар" статуэткасынан бас тартып, оны америкалық құқық қорғаушыларға табыстады. Бұл туралы NUR.KZ порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ тергеушілері Малайзияның мемлекеттік инвестициялық қорынан бюджеттің ұрлану фактісін тексеріске алуда. Малайзялық продюсерлердің Ди Каприоға сыйға тартқан "Оскар" статуэткасы дәл осы ұрланған қаржыға сатып алынған болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Нью-Йорктің үздік полицейі атанған қазақ жігіті Шымкентке қайта оралмақшы

Малайзиялықтар аталмыш статуэтканы Ди Каприоға "Волк с Уолл-стрит" атты фильмі үшін сыйға тартқан еді.  

Актер статуэткадан бөлек сыйға алған өзге де заттарды тергеушілерге қайтарып берген. Ал "Волк с Уолл-стрит" фильмін түсіргенде заңсыз қаржыландыруға жүгінгендерді АҚШ Қаржы министрі тергеуге алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525980-di-kaprio-ozine-syylanghan-oskardan-ba.html