RU

Танымал ресейліктер Өзбекстан тұрғындарының намысына тиді (видео)

Эфирде Өзбекстан тұрғындарына тіл тигізген Алексей Навальный мен Ксения Собчакқа өзбектер әлеуметтік желіде жауап берді деп хабарлады Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап centralasian.org.

"Дождь" телеарнасының эфирінде Алексей Навальный мен Ксения Собчак: "Әрине, Өзбекстанда ешкім Пушкиннің кім екенін білмейді", - деді.

Пікірдің бұрыстығын дәлелдегісі келген өзбектер әлеуметтік желіде флешмоб ұйымдастырып, орыс ақынының шығармаларын жатқа оқып, өлеңмен жауап берді.

Бұған қоса, олар Өзбекстан көшелері, алаңдары және метро станциясы Пушкиннің есімімен аталғанын алға тартты.

Тағы бір белсенді Ксения Собчак пен Алексей Навальныйды Өзбекстанға келіп, жергілікті тұрғындардың тіршілігімен танысуға шақырды.

Тағы оқыңыздар: Қазақтардың етті қалай жейтінін естіген Джеки Чан күлкіге қарық болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525997-tanymal-reseylikter-ozbekstan-turghy.html