RU

Жанат Бақыт: Йогаға барып жүрген әйелдер қалай басы айналып қалғанын білмейді

Танымал тележүргізуші, журналист Жанат Бақыт йогаға барып, оның өкілдерінен әзер құтылғанын айтты. Ол мұндай ұйымдардың әйелдердің басына айналдырып алатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қызық айтайын. "Ширк, пирк" деп сөйлеп, қуып айдаладағы Сириядағы соғыс үшін кетіп қалатын ағымды қойып, йогова дегенді қойып, бұ қазақ "Йоганың" жетегіне кетіп жатыр. Бәрі кәдімгі медитация дей ме, гимнастика жасайтын йогаға барудан басталады. Йогада істейтіндер өздері біртүрлі болады ғой, тым мейірімді, ұйымшыл боп көрінеді.

Баяғыда "екіншімді" босанайын деп жүргенде бір-екі рет барғанмын. Қатты ұйымшыл екен, содан кейін звондап, артымнан қалмайды. "Босанған соң балаңмен кел, күйеуіңмен кел" дегенді айтады. Кейін нөмірімді ауыстырып, әрең құтылғанмын. Сөйтіп, соларға барып жүрген әйелдер қалай миы айналып қалғанын білмейді екен, қысқасы, үйіңнің, көлігіңнің құжатын қалай апарып бергеніңді байқамай қаласың...", - деп айтып берді ол.

"Дінге деген көзқарасымызды сондай теріс жолға түсіп кеткен "қумалар" бүлдірді. Оның бәріне біздің біліміміздің аздығы, күш-жігер, руxымыздың әлсіздігі кінәлі.

Тағы оқыңыздар: Абай Бегейдің өмірден озған жарына арнап шығарған әні елді жылатты

Аллаға сен! Ешкімді күндеме, өсектеме, жамандық жасама, көмек сұрағанға шамаң келгенше көмектес, туған-туысқа мейірімді бол, болды! Ораза ұстайсың ба, бес уақыт намаз оқисың ба, ол өзің үшін. Көрші Валия апа үшін ешкім ораза ұстамайды. Сондықтан оны жар салудың қажеті жоқ!

"Вот, мен намаз оқып жүрмін, тойға бармаймын, той жасамаймын, бұл-күнә, ал сен жүрсің жалаңбас, тойдан да қалмайсың, күнәһар екеніңді білесің бе? Жәннатқа барамын деп ойлайсың ба?", - деме! Сен шешпейсің, Құдай шешеді. Себебі сен - пендесің. Бірдейміз бәріміз", - деген ол жастарды имандылыққа шақырып, олардан сақ болуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526006-zhanat-baqyt-yogagha-baryp-zhurgen-ayeld.html