RU

Қызғаншақ әйел күйеуімен төсектес болған көңілдес бойжеткенді сотқа берді

Девушка ревнует парня
Иллюстративное фото: Pixabay.com

АҚШ тұрғыны күйеуімен төсектес болған көңілдесін сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы sundaynews.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот зардап шегуші тарапқа өтемақы төлеуді міндеттеген. Енді көңілдес бойжеткен ұятсыз әрекетке барғаны үшін 4,5 мың долларынан қағылады. 

Белгілі болғандай, АҚШ-та тұратын ер адам Бразилияға іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төсек қатынасына барған. Ол әйелі барына қарамастан, аталмыш елде өзіне көңілдес тауып алады.

Тағы оқыңыздар: 79 жастағы астаналық қария кездесуге баратын жас қыз іздеп жүр

Бразилиялық бойжеткен төсек қатынасын дәлелдейтін бірнеше суретті ер адамның әйеліне жолдайды. Осылайша ер адамды әйелімен ажырастыруды көздеген бойжеткеннің ойы іске аспай қалды.

Ер адамның жары бойжеткеннің жолдаған фотолары оған моральдық нұқсан келтіргенін айтып, бойжеткенді сотқа берген. Нәтижесінде күйеуінің опасыздығын айтпақ болған бойжеткен өтемақы төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526014-qyzghanshaq-ayel-kuyeuimen-tosektes-bo.html