RU

ШҚО-да 13 жастағы зағип бала анасының жүзін бір көруді армандап жүр (фото)

Зайсан қаласында тұратын 13 жастағы зағип бала Сердар анасының, бауырының, әкесінің жүзін бір көрсем деп армандайды. Бұл туралы "Дидар" газеті хабарлады.

Зайсандық Сердар Омаров - вокал бойынша республикалық байқауда облыс намысын қорғап жүрген дарынды бала. Сердар көру қабілетінен айырылғандықтан, анасының жүзін бір көруге зәру болып жүр.

Тағы оқыңыздар: Астанадан қуылған жалаңаяқ "бомждың" жанайқайы көпшілікті тебірентті (видео)

"Сердар "Мама, мен білемін, сіз сондай әдемісіз ғой, иә? Бауырым кімге тартқан, маған ба, әкеме ме?" деген сияқты сауалдарды қойғанда, шіркін-ай, тым болмаса дәрігерлер ұлымның бір көзінен әке-шеше, бауырын, өмірді көретіндей бір саңылау ашып берсе ғой деп өзім де армандаймын. Алматыға Коновалов деген дәрігерге апардық, "көзін көрдіруге болады, бірақ бізде ондай құрал-жабдық жоқ" деді. Үрімжіге барғанымызда, "екі-үш ота жасау керек, біржолғысы 5 млн теңге тұрады" деді", – дейді анасы Айжан Омарова.

Сердарға көмектесе алатын қайырымды жандар табылып жатса, "Дидар" газетінің редакциясына хабарласуларына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526055-shqo-da-13-zhastaghy-zaghip-bala-anasynynh-zhu.html