RU

Әйеліне ерекше адал жігіт төсекке сүйреген бойжеткеннен ат-тонын ала қашты (фото)

Әйеліне ерекше адал жігіт өзін төсекке сүйреген бойжеткенге жоламай қойып, көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp желісіне тарап кеткен отбасылы азаматтың хабарламасы жұртты өзіне қаратты. Ер азаматтардың бәрі бірдей әйелінің көзіне шөп салады дейтіндер бұл жайттан кейін пікірін өзгертетіні анық.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Оралда 65 жастағы әжей тұңғыш рет тұрмысқа шықты

Эстер есімді бойжеткен отбасылы азаматты кофеге шақырады. Алайда ол балалары мен әйелінен маңызды ештеңе жоқ екенін айтып, бара алмайтынын ашық айтқан. Соған қарамастан, Эстер өз дегенінен қайтпай, жігітті тікелей төсек қатынасына шақыра бастайды. Отбасылы азаматтың берген жауабы оны аң-таң еткен.

"Тыңдаңыз, мен отбасылы азаматпын. Әйелім мен балаларымды қатты сүйетінім сонша, олардың көңіліне қаяу түсіруді ойлаған да емеспін. Егер жұмыс бабымен кездесулер болмаса, басқа мәселеде мен сізге көмектесе алмаймын", - деп жауап  қайтарды азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526106-ayeline-erekshe-adal-zhigit-tosekke-suy.html