RU

Алматыда тағы бір көпқабатты тұрғын үй қисайып тұр (видео)

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "Алматы-1" теміржол вокзалының маңындағы көпқабатты тұрғын үйдің қисайып кеткені туралы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Көршілес үй қисайып барады! Анам кешкісін мұнда құтқарушылар мен әкімшіліктегілер келгенін айтты. Лента тартып қана қойды», - дейді Алматы тұрғыны.

NUR.KZ тілшісі жергілікті тұрғындардан және билік өкілдерінен оқиғаның мән-жайын білмекке сол мекен-жайға аттанды.

Еске салсақ, өткен жылы маусымның соңында Алматыдағы Алғабас ықшамауданында 9 қабатты үй 32 сантиметрге қисайған болатын.

Оны адам өміріне қауіпті деп, сүзіп тастауға шешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526169-almatyda-taghy-bir-kopqabatty-turghyn-u.html