RU

Алматы маңында жас суретші тікелей эфирде асылып қалды

Алматы маңында жас суретші әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Бекжан Қанкеновтің өлімі туралы Facebook желісінде оның құрбысы Алена Мирошниченко жазды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Достар, Бека енді арамызда жоқ. Асылып қалыпты және бәрін тікелей эфирге түсіріпті. Парақшасы бұғатталған", — деп жазды Мирошниченко жеке парақшасында.

Sputnik Қазақстан қайтыс болған азаматтың құрбысымен телефон арқылы хабарласты.

"Ол менің Фейсбуктегі жақын досым еді, бірақ Фейсбуктен тыс уақытта да араласатынбыз. Бірнеше рет мынадай жазбалар жазған: "Жүрегім ауырады, өмірмен қош айтысқым келеді, өліп кетсем бе екен" деп. Қайдағы-жоқты жазып, қалжыңдайтын… Таңертең оның құрбысы жазды. Жақында қоңырау шалып, денесінің әлі ілулі тұрғанын айтты. Полицияны күтіп, түсірмей отыр екен. Үйі Қоянқұс ауылында. Ол жақсы, мейірімді жігіт болатын, жұмсақ ойыншықтармен бірге ұйықтайтын… Бекжан — суретші", — деді сұхбат беруші телефон арқылы.

Алена Мирошниченконың сөзіне сүйенсек, ол Бекжан Қанкеновпен 2014 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан.

"Біз 2014 жылы Фейсбукте таныстық. Араласып, өмірде де кездестік — әлеуметтік желіде дос болғасын, өмірде де кездесейік деп шештік. Танысып, достарымызбен жиналдық. Кәуап жеуге, сыра ішуге, концертке, клубқа баратынбыз… Оны бәрі жақсы көретін. Парақшаларын үнемі ауыстырып отырушы еді, себебі үнемі бұғаттап тастайтын", - деп есіне алды Алена.

Іле аудандық ІІБ Қоянқұс ауылында тұратын Бекжан Қанкеновтың өз-өзіне қол салғаны туралы мәліметті растады. Жігіттің денесі таңертең 7:29-да табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526184-almaty-manhynda-zhas-zhigit-tikeley-efir.html