RU

Бір табын сиыр британдық миллонерді таптап өлтірген

Оксфорд университетінің 80 жастағы профессоры және өте табысты бизнесмен Брайан Беллхаузаны бір табын сиыр басып өлтірген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Трагедия Англиядағы Шығыс Суссекс қаласында кешкі серуен кезінде орын алған.

Тергеушілердің айтуынша, отардан қайтқан сиырлар бірдеңеден қатты үріккен, салдарынан ер адамды басып кетіпті. Ауыр халде жатқан ғалымның айқайын естіген көршілері көмекке келген. Бірақ, миллионер олар келгенше ауыр жарақат алып үлгереді.

Тағы оқыңыздар: Сербияда алғаш рет лесби әйел премьер-министр болып сайланды

Оқиға орнына жеткен полицейлер мен жедел жәрдем қызметі миллионерді емханаға тік ұшақпен жеткізбек болған, бірақ ол оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Тергеушілер табын қожайыны мен малшының сиырларды не себепті қараусыз қалдырғанын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526359-bir-tabyn-siyr-britandyq-millonerdi-t.html