RU

71 жастағы қарт алғашқы қадам жасаған бір жасар немересін көлігімен басып кеткен

Англияда 71 жастағы зейнеткер енді ғана алғашқы қадамын жасаған немересін байқамай көлігімен басып кеткен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Англия тұрғыны Джейкоб Бёрден оқиға орнында көз жұмған.

71 жастағы Роберт Долимор үйінен шығып келе жатып, бүлдіршіннің жолға шығып кеткенін көрмей қалған. Рөлде отырған Роберт қарт баланы мүлдем көре алмайтындай-ақ болған.

Тағы оқыңыздар: Бір табын сиыр британдық миллонерді таптап өлтірген

Қария тергеу амалдары барысында баланың әкесі Райанмен сөйлесіп, көлігін оталдырғанын айтқан.

"Егер мен оны көрген болсам, ешқашан тиіспейтін едім", — дейді ол.

Сот бүлдіршіннің ата-анасын балаларына дұрыс қарамағаны үшін айыптағанымен, оларды жазаға тартпады. Сондай-ақ, қайтыс болған бүлдіршіннің туған атасын немересін байқамай өлтіргені үшін қамаудан босатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526437-71-zhastaghy-qart-bir-zhasar-nemeresin-koli.html