RU
Әл-Фараби даңғылындағы жол апатында бойжеткеннің екі аяғы жұлынып кетті (фото)

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатында бойжеткеннің екі аяғы жұлынып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында болған жол апаты салдарынан бойжеткен қос аяғынан бірдей айырылды деп хабарлайды Sputnik Казахстан басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жол апаты Әл-Фараби даңғылының бойында Навои мен Мұстафин көшелерінің арасында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, Honda CR-V көлігі Навои мен Мұстафин көшелерінің аралығында жолдың сол жақ бөлігімен қозғалып келе жатқан. Көлік беті ашық қалған люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылып қалған.

Көліктен екі қыз шығып, көмек күтіп тұрған. Осы кезде батыс бағытқа қарай бет алған Toyota Camry көлігі тоқтап тұрған Honda CR-V көлігін көріп, жолдың ортасына қарай өтуге ыңғайланады.

Ал бұл тұста жолдың орта бөлігінде кетіп бара жатқан автобус қозғалысты реттей алмай, Camry көлігіне соқтығысады.

Қатты соққыдан Toyota тоқтап тұрған Honda көлігіне соғылып, қыздар екі көліктің арасында қалған.

Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, қатты соққыдан қыздардың бірінің екі аяғы да жұлынып қалған. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
55
42
32
219
0
10
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel