RU

Түймебаев Сity саламыз деп асыққан шенеуніктерді орнына қойды (фото)

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты деп жазады "Рейтинг" басылымы.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және банк директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары, даму институттарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысқан. Осы кездесуде облыс әкімі өңірдегі түйіткілді мәселерге тоқтала кетт.

"Жақында Кентау қаласына бардым. Қалаға кіре берістегі 3 га суармалы, бау-бақшалы жерді сырып тастап, "Кентау city" салынбақшы екен. Сондай жоспарлары бар көрінеді. Бірақ, ситиды салғанымен, аудан халқын қалай асыраймыз?

Сити салу үшін қаншама ақшаға инфрақұрылым жүргізу керек, қаланы салу керек, оны ұстап тұру керек. Бұл зор шығын. Сити саламыз деп сидиып қалмайық. Одан да, сити салғанша, сол суармалы жерге бау-бақша еккен әлдеқайда жақсы. Сити салғанша бір бөлмелі тұрғын үйлерді салған абзал.

Мысалы, біздің облыста 66 мың студент бар. Оның 6 мыңы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Қалған 60 мың студент пәтер жалдап, кісі үйінде өмір сүріп жатыр. Кісі үйінде өмір сүрген өте жаман. Міне, осындай студенттерге, жас отбасыларға бір бөлмелі пәтерлерден құралған тұрғын-үй кешендерін салмақ, нұр үстіне болар еді", - деп Жансейіт Қансейітұлы облыс кәсіпкерлеріне осындай халыққа пайдасы бар жобалар салуға ұсыныс айтты.

Тағы оқыңыздар: Бір табын сиыр британдық миллонерді таптап өлтірген

Жиында кәсіпкер өз ойларында жүрген ойларды облыс әкіміне жеткізді. Дегенмен, әкімнің бұл кездесуге көңілі толмады. Ол бұл кездесуде бизнес өкілдерінен ұсыныс емес, тапсырма көбейіп кеткенін айтып, "Әкім сағатына" ұқсатты. (Қазақстан-Шымкент арнасында тілкелей эфирде өткен "Әкім сағаты" бағдарламасында халық әкімге көбіне тапсырма жүктеген еді)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526467-tuymebaev-city-salamyz-dep-asyqqan-sheneu.html