RU

Мінсіз мүсінді колумбиялық бойжеткен түнгі клубтан екі жігітті ұрлап кеткен (фото)

Колумбияда модель және тележүргізуші Паулина Карина Диаз екі ер адамды ұрлаған деген күдікпен ұталды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Полицейлердің болжамы бойынша, 27 жастағы Паулина қорғаушы Милтон Каро Вильямиль мен кәсіпкер Хьюго Лопез Монкайоны ұрлаған. Өзінің сыртық сұлулығын пайдаланған бойжеткен ер адамдарды клубтың жабық бөлмесіне алдап апарып, қақпанға түсірген.

Модель 2011 жылы "Мыстан" (La Bruja) атты лақап аты бар жанмен бірігіп кісі ұрлаған. Қылмыскерлер қорғаушы мен бизнесмен үшін 800 фунт стерлинг кепілақы сұраған.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі дәрігерлерге денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты (фото)

Анықталғандай, ұрланған адамдарды алты жыл бойы таба алмай жатқан көрінеді. Паулина Карина Диаз жергілікті телеарнада спорт бағдарламасының жүргізушісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526499-kolumbiyalyq-telezhurgizushi-tungi-klu.html