RU

Қатерлі ауруды жылан етімен емдейтін халық емшісі туралы білесіз бе? (фото)

Жыланның етін жеп, сорпасын ішіп көрдіңіз бе? Еліміздің ең ыстық өңірі Оңтүстік Қазақстанда бұл күнде бауырымен жорғалаушының саудасы қызуда. Оны ұстауға әбден машықтанып алғандар жыланның әрқайсысын кем дегенде 50 мың теңгеден сатуда. Ал, халық емшілері болса сорпа дайындап, дертіне шипа іздегендерді емдеп жүр.

Улы жәндіктен жасалған тағам адам денсаулығына зиян емес пе? Ал пайдасы қандай? Бұл туралы &t=302s" rel="nofollow">Бірінші арна арнайы сюжет дайындаған.

Амалбек Серқұлов - жыланнан түрлі ас дайындаудың хас шебері. Халық емшісі одан бөлек кірпі мен тасбақа етінен сорпа әзірлейді.

"Астың бұл түрі адам ағзасын түгел тазалап, қан алмасуды реттейді. Ұдайы пайдаланған жан қатерлі ісікке шалдықпайды", - дейді ол. Сұйық тамақтың бағасы да әртүрлі. Ең бастысы, көп дертке шипа екен.

«Обыр ауруы дейді, онкологиялық ауруға душар болғандар мұны көп ішеді. 1-ші және 2-ші дәрежедегілерге өте пайдалы. 3-ші және 4-ші дәрежедегі науқастардың сәл өмірін ұзартады, бірақ, пайдасы қиын», - дейді халық емшісі Амалбек Серқұлов.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам чемпиондық белбеуін Байбекке сыйлап жіберді (фото)

Жылан етінен тағам дайындау кез-келгеннің қолынан келмейді. Оны тек жөн-жосығын білетін жан ғана әзірлей алады. Амалбек аға алдымен жыланның басын кесіп, сосын ішек-қарнын тазалайды екен. Таза сумен жуып, терісімен бірге қазанға салып қайнатады. Үстінен кірпі еті мен тасбақаны қосады. Екі-үш сағат қайнатқан соң, пайдалануға болады екен.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шарапхана ауылы - жылан сатумен аты шаққан елді-мекен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұнда «көлбар» жылан өте көп көрінеді. Оны ойын баласы мен кез-келген малшы жазық даладан оп-оңай ұстап алады. Сөйтіп, жылан сататын адамдарға әкеп табыстайды. Бағалары да әртүрлі. Бес мыңнан елу мың теңгеге дейін жетеді.

Тағы оқыңыздар: 13 жастағы қызына туған күнінде арақ ішкізген әке төрт жылға сотталып кетті

«Көлбарды» қазақ майжылан деп те атайды. Жер бетіне жазда ғана шығатын оны ұзақ уақыт бір орында сақтауға болады екен. Соңғы уақытта халық арасында оның сорпасына деген  қызығушылық артқан. Көбіне, арнайы тапсырыспен дайындатқызады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526638-qaterli-aurugha-shaldyqqandardy-zhylan.html