RU

Германияның экс-канцлері Гельмут Коль өмірден озды

Германияның экс-канцлері Гельмут Коль өмірден озды. Оның неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ.

2010 жылы Гельмут Коль ота арқылы өт қабын алып тастағаны белгілі. Бұдан кейін экс-канцлер көп уақыт бойы ес-түзсіз жатқан деп жазады Bild.

Коль 1930 жылы Рейндағы Людвигсхафен қаласында қаржыгерлер отбасында дүниеге келген. "Христиан демократиялық одақ" партиясына ол 1947 жылы мүшелікке өтіп, 1958 жылы кандидаттық диссертация қорғаған.

1960-1967 жылдары аталған партия фракциясының төрағасы болып қызмет атқарған. Германия үкіметінің басында ол 1982-1998 жылдар аралығында отырды.

Тағы оқыңыздар: Кезекті құлдырау: Күн сайын өсіп жатқан доллар бағамы қазақстандықтарды шулатты

Тарихқа оның есімі "бірлік канцлері" деген атаумен енген. Себебі дәл оның басшылық еткен тұсында Германия бір мемлекетке біріккен.

Ол Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцинмен дос болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526926-germaniyanynh-eks-kancleri-gelmut-kol.html