RU

Жалғыз ұлының дерті туралы айтқан "МузАрт" тобының әншісі елді жылатты (фото)

Кенжебек Жанәбілов жалғыз ұлының жылдар бойы елге айтпай келген дерті туралы алғаш рет айтып берді. Әншінің жалғыз әрі тұңғыш ұлы Ахметтің есту қабілеті төмен болып туған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші "ТойДуман" арнасына жарымен бірге сұхбат беріп, өзінің жанын қинаған сыры туралы айтып берді.

"Алла сүйген құлына сынақ береді дейді ғой. Мүмкін бізге де солай болған шығар. Тұңғыш ұлымыздың есту қабілеті кішкене төмен болып, төрт-бес жылдай жүректі ауырттық. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Германияға, Пекинге дейін бардық. Кейіннен өз елімізде ота жасатып, қазір Аллаға шүкір, жақсарып келеді", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да сатылған ЭКСПО билеттері шетінен жарамсыз болып жатыр

Дегенмен, бүгінгі таңда Ахмет мектепке барып, жазу-сызуды ақырындап үйреніп келеді. Жұлдызды жұп ұлының кішкентай жеңісіне қатты қуанады.

Болашақта Кенжебек өзінің ұлы секілді балаларға арнайы мектеп ашуды жоспарлап отырғанын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526938-zhalghyz-ulynynh-derti-turaly-aytqan-muz.html