RU

Той-думанда құшақтасып суретке түскен ақтөбелік шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылды

Ақтөбеде мемлекеттік шенеуніктер ішімдік ішіп, көлік жүргізгені, қызметтік көлікті жеке жұмыстарына пайдаланғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр. Көбі той-думанда, демалыста суретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктегені үшін жазаланды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап NUR.KZ.

Мәселен, Шалқар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әлібеков супермаркет ішіне кіріп, тегін ішімдік беруді талап еткен. Әдеп кодексін бұзған шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.

"Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Омаров автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациядан өткізу кезінде мемлекеттік қызметшілеріміздің ішімдік ішкен күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары анықталды",- деді Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Мира Бибітова.

Тағы оқыңыздар: Ұлдарына қауіпсіздік ережесін үйреткен әке абайсызда тоғыз жасар қызын атып жіберді

Мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік қызметкершілердің ойын-сауық және шетелдердегі демалыс орындарындағы фотосуреттері өшірілді.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527015-toy-dumanda-qushaqtasyp-suretke-tuske.html