RU

Өрттен қайтыс болған әйелдің соңғы сөзі көпшілік көңілін босатты (видео)

Лондон қаласындағы әлемді шулатқан 24 қабатты Гренфелл зәулім үйден шыға алмай қалған, әйелдің өлім алдындағы видео арқылы жіберген сөзі көпшілікті жылатты деп хабарлайды islam.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Рания Ибрахим есімді 30 жастағы мұсылман әйел біреуі 3 жастағы, екіншісі 5 жастағы қыздарымен бірге болған. Күйеуі өрт шыққан күні Мысырда жүрген.

Ол үй отқа оранғанда қыздарының басын қатерге тігіп, 24-ші қабаттан төмен түсуді жөн көрмеген. Өйткені, дәлізде оған түтіннің қаптап кеткенін, ең дұрысы есік-терезені қымтап жабудың қажеттілігін (түтін ішке кетпесі үшін) айқайлап айтқан дауысты естіген. Балаларын түтінгі тұншықтырып алудан қорыққан.

Тағы оқыңыздар: Той-думанда құшақтасып суретке түскен ақтөбелік шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылды

Әйел өрт пәтерге жеткенше сөндірілетініне үміт артқан. Өмірінің ақырына таяғанын сезді ме, тілін кәлимаға келтіріп, шаһадатты тағы бір мәрте қайталайды. Рания құрбысы мен діндес бауыры Язға видео-үндеу жариялап үлгереді.

 

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527038-londondaghy-ortengen-uyde-olim-aldynd.html