RU

Атышулы қарағандылық мұғалім бостандыққа шықты

 

Теракты туралы жалған хабар берді деген қарағандылық мұғалім Юрий Пак бостандыққа шықты. Ол жазасының қалған мерзімі үшін айыппұл төледі деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Физика пәнінің мұғалімі Қарағанды облысы, Қарабас кентіндегі түрмеде жазасын өтеген.

10-шы наурыз күні Юрий Пакты жаза мерзімін амнистия бойынша қысқартқан. Соттың шешімі күшіне 17-ші маусымнан бастап енді.

Тағы оқыңыздар: Құлаған ракетадан зардап шеккен Жезқазған тұрғыны өлім аузында жатыр

Мұғалімге кесілген жаза мерзімі Қазнетте үлкен резонанс тудырып, көпшілік Пактың кінәлі екеніне күдікпен қараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527075-terakt-turaly-zhalghan-aqparat-berdi-de.html