RU

Дәрігерлер әл-Фарабидің бойында екі аяғы жұлынып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты

Алматыдағы денсаулық сақтау Басқармасы Әл-Фараби даңғылында 16-шы маусым орын алған көлік апатынан зардап шеккен қыздарға көрсетілген медициналық көмек жайлы айтты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Зардап шегушілердің біреуі Орталық қалалық емханаға жеткізілді, жедел түрде қажет мамандардың көмегімен интероталы кеңес шешімге келіп, қоз тізесіне ота жасалды. Ауруханаға келген сәтте жәбірленуші 3-4 деңгейдегі травматикалық шокта болды, жабық бас-сүйек жарақаты, тізе қос сүйегінің ашық шығыршықты сынығымен түсті", -деп хабарлайды қалалық денсаулық Басқармасында.

Тағы оқыңыздар: Теракт туралы жалған ақпарат берді деп сотталған қарағандылық мұғалім бостандыққа шықты (фото)

Екінші қыз Қалалық №7 емханаға жабық бас-сүйек жарақатымен түскен. Мамандар кеңесімен емделушіні нейрохирургия бөліміне ауыстырған.

Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік жол апаты кеше Әл-Фараби даңғылы, Науай мен Мұстафин көшесі арасында болған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527087-darigerler-al-farabi-danhghylynda-zhol.html