RU

ОҚО-да болған жантүршігерлік апат 5 адамның өмірін жалмады

Бүгін таңға жуық Шымкент – Самара тас жолында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бүгін таңғы төрттер шамасында Шымкент-Самара тас жолында Ордабасы ауданының аумағында "Лада" мен "Mercedes-220" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқан.

Оқыс оқиға туралы хабар Ордабасы АІІБ-ге келіп түсті. Оқиға орнына ОҚО ІІД Анықтау басқармасының қызметкерлері аттанды.

"Оқиға орнына келген полицейлер жол апаты салдарынан екі жүргізуші де ажал құшқанын анықтады. 1990 және 1995 жылғы жігіттер Ордабасы мен Бәйдібек аудандарының тұрғындары екен. Сондай-ақ "Ладаның" үш жолаушысы көз жұмды. Mercedes-220 көлігінде отырған бес жолаушы түрлі жарақатпен Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілді", - мәлімдеді ІІД-ден.

Тағы оқыңыздар: Дәрігерлер әл-Фараби даңғылында жол апатына ұшыраған қыздардың жағдайын айтты

Жол апаты фактісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірқатар сараптама белгіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527108-oqo-daghy-zhanturshigerlik-apat-5-adamnynh.html