RU

Шымкенттік полицей Нью-Йорк қаласында кәсіби-рингте жеңіске жетті

Нью-Йоркте тұратын шымкенттік полицей Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, кезекті он бірінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Детройттағы бокс кеші аясында Ниязов доминикандық Рамон Гевараны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу бірінші жартылай орта салмақта өтті.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-дағы жантүршігерлік апат 5 адамның өмірін қиды

"Жекпе-жек қызық болды, қарсыласым мықты. Біз жақсы жекпе-жек көрсеттік, ол да мен сияқты  100 пайызға барынша тырысты. Мен үшін жанкүйер болған барша жанға алғыс айтамын. Жеңіс әрдайым бізде болады" – деді Ниязов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527134-nyyu-yorkte-turatyn-shymkenttik-police.html