RU

Туған анасын ваннаның ішінде босандырып алған 11 жасар қыз елді таңғалдырды (фото)

Оңтүстік Уэльсте 11 жастағы австралиялық қыз туған анасын ваннада босандырып, кішкентай ғана інісінің өмірге аман-есен келуіне көмектесті деп жазады Life.ru.

Кішкентай Шеннон Коксқа 30 жастағы анасы Сара ваннада толғата бастағанда кішкентай-акушер болуға тура келді.

 Сараның жүктілік мерзімі аяқталғанына бір апта болған, бірақ толғақ олар үйде болғанда басталған. Олар қызы екеуі күтпеген жерден сәбидің өмірге келуіне дайындалды.  

Қыз жедел жәрдемге хабарласып, телефон арқылы анасына жайлылық пен қауіпсіздікті қалай жасау керек екенін біліп отырған.

Бірнеше минуттан соң Сара Оңтүстік  Уэльстегі үйінде дені сау баланы өмірге әкелді.  Кішкентай Шэннон жаңа туған інісін алып, оны орамалға ораған. Кішкентай қыз тіпті інісінің кіндігін аяқ киім бауымен байлап қойған.  Жедел жәрдем қызметі есік қоңырауын басқанда бәрі артта қалды.

Тағы оқыңыздар: Ныю-Йоркте тұратын шымкенттік полицей кәсіби-рингте 11-ші жеңісіне жетті

"Толғағым басталғанда үйде тек Шеннон мен екі кішкентайым болды. Мен ваннаға жаттым, ол жерде суым кетіп, бәрі де жақсы өтті"- дейді Сара Кокс

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527149-11-zhastaghy-qyz-anasyn-vannada-bosandyry.html