RU

Қытайда 22 жастағы жанкешті жарылыс жасады

Қытай үкіметі ресми мәлімдеме жариялап, елдің шығыс провинцияларының бірінде орын алған жарылыстан 8 адам қаза тапты деп хабарлайды Qazaqtimes.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жарылыс 15 маусым күні түстен кейін, Жияңсу провинциясындағы бір балабақшаның маңында орын алған.

Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының мәліметі бойынша жарылысты 22 жастағы Шүй (Xu) есімді ер адамның жасағаны анықталды деді.  Жарылыс тудырушы өзі де қаза тапқан. Жарылыс болған балалар бақшасы.

Қытай Орталық телевизиясының берген хабарында, оқиғада 8 адам қаза болып, 65 адам түрлі жарақат алған. Тергеушілердің айтуынша, жарылыс болған жерден қолдан жасалған жарылғыштың қалдықтары табылған. Сондай-ақ, балабақша жанындағы қабырғаларға «өлім», «өлтіру», «қыру», «жару» деген сөздердің жазылғаны айтылды.

Тағы оқыңыздар: 11 жастағы қыз анасын ваннада босандырып алды (фото)

Жергілікті үкімет орынның айтуынша, жарылыс болған кезде балабақшадағылар жұмыстан қайтып кеткендіктен, зардап шеккендер арасында балалар мен балабақша қызметкерлері болмаған.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527177-qytayda-22-zhastaghy-zhankeshti-zharylys-zhas.html