RU

Семейде қос бірдей мемлекеттен зейнетақы алған қарт жазаланды

Семейде 61 жастағы әжейді екі бірдей елдің азаматтығын иеленіп, Ресей мен Қазақстаннан зейнетақы алған алаяқтығы үшін жазаға тартты деп хабарлайды YK-news.kz.

Анықталғандай, әйел адам Семей облысының тумасы, екі азаматтығы бола тұра, 57 жасында алаяқтықпен зейнетке шығып алған.

Тағы оқыңыздар: Мектеп бітіру кешінде түлектер жаппай төбелесті (видео)

Шамамен ол төрт жыл бойы Қазақстаннан заңсыз төлем, Ресейден заңды несие алып отырған.

Оның алаяқтығы ашылғанда мемлекетке 1 миллион 600 мың теңге шығын әкелген.

Сотта әйел өз кінәсін толықтай мойындап, шығынды өтеуге уәде берді.  Сот оған шартты түрде үш жыл жаза берді.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527203-semeyde-qos-birdey-memleketten-zeyne.html