RU

Көлік прокурорының орынбасары: Мақсат Үсенов - қылмыскер емес

Көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков  Мақсат Үсеновтің Алматыға қалай келгенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мақсат Үсенов Алматыға 14 маусымда Бангкок рейсімен ұшып келуі тиіс болатын. Алайда қазақстандық Алматыға сол күйі оралмаған еді.

"Біз оны ұзақ іздеген жоқпыз. 14 маусымда ол Астанаға келді. Кеше түнде Алматыға көлікпен келді. Жергілікті Желілік ішкі істер бөліміне барды. (…) Ол қылмыскер емес. Біз оған шақыру қағазын берейін дедік. Енді міне оны таптық. Басқа мәлімет білмеймін. Бұл мәселемен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Оны тапты. Оған келсін деді, өзі келді", - деді Алпысбай Тұрсынбеков.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары оның әрекетінде ешқандай қылмыстық құқық бұзушылықты анықтамады.

Тағы оқыңыздар: Семейде қос бірдей мемлекеттен зейнетақы алған қарт жазаланды

"Сондықтан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үсенов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр. Ұсақ бұзақылық үшін он тәулікке қамауға алынды. Бұл осы бап бойынша берілетін максималдық жаза", - деді ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков.

Кеше, Мақсат Үсеновтің он тәулікке қамалғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, оған жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған еді. Айта кетейік, жауап алу кезінде Мақсат Үсеновтің құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Соттың шешімі бойынша, Мақсат Үсенов 10 күнге қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527207-kolik-prokurorynynh-orynbasary-maqsa.html