RU

Бір жылда 10 әйел алған ер адам әлем жұртшылығын таңғалдырды

Зайона есімді ер адам үндістандық ауылдардың бірінде тұрады. Ол үшін неке- күнделікті жасалатын әрекет секілді оңай нәрсе. Соңғы бір жылда ол 10 әйелге үйленген. Ал жалпы алғанда оның 39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі бар деп жазады Qamshy.kz.

Ең қызығы әйелдерді ешкім оған сорлап тұрмысқа шығармайды. Көпшілігі кедейшілікте өмір сүргендіктен үлкен отбасының мүшесі болуға бірден келісімдерін береді екен. Олардың барлығы Зайонадан жақсы еркек жоқ екеніне сенімді және бір-бірінен оны қызғанбайды екен. Зайонаның әкесі кезінде Chana Pawl аталатын ұйым құрған. Ол сол ұйымның көшбасшысы.

Онда 2000-ға жуық адам бар. Сонымен бірге бұл ұйымның басты ерекшелігі – көп әйел алу екен. Зайонаның танымал болып кету себебі оның барлық отбасы бір үйде тұрақтаған. Мына суреттегілер бір отбасы мүшелері. Зайона мұншалықты көп баланы асыраудан қорықпайсың ба деген сұраққа:

Тағы оқыңыздар: Көлік прокурорының орынбасары: Мақсат Үсенов қылмыскер емес

«Мен өзімді құдайдың ерекше сүйген құлы деп есептеймін, Құдай маған осыншама адамды мен оларға қамқор болу үшін жіберді»-дейді.

Зайонаның басты көмекшісі-бірінші әйелі. Бірінші әйелі 70-те. Алайда оның күш қуаты мен энергиясы тасып тұр. Ол барлық қалған әйелдерге нұсқаулар береді. Отбасы мүшелері өте ерте тұрады. Дұға жасалған соң жұмыс басталады екен.

Күн сайын отбасы мүшелері барлығы 45 келі күріш, 20 келі көкөніс пен 35 келі ет жейді. Зайона үлкен отбасы үшін арнайы үй салған. Мұнда 100-ге тарта бөлме бар.

Зайонаның  жатын орны бөлек. Отбасы барлығымен толық қамтамасыз етілген.

Тіпті өздерінің жеке мектептері бар екен. Барлық әйелдер бір-біріне көмектеседі. Бала қарауға арнайы бала күтушілер де қажет емес.

Тағы оқыңыздар: Семейде қос бірдей мемлекеттен зейнетақы алған қарт жазаланды

67 жасқа келген Зайона өзінің тағы да әйел алуға , бірнеше рет әке атануға қарсы еместігін жеткізген. Ал ол қайтыс болған соң мұраны кім иеленетіні әлі шешілмеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527227-bir-zhylda-10-ayel-alghan-er-adam-alem-zhurt.html