RU

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан көлік екіге бөлініп кеткен (видео)

Бес көліктің қатысуымен болған жол-көлік апаты Қостанай-Рудный тасжолында 16 маусым күні орын алды. Қатты соққыдан көліктердің бірі ортасынан қақ айырылған. Куәгерлердің айтуынша, екі адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен деп хабарлайды "Алау" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Жол апаты дерегі бойынша қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 3 бөлімі 345 бабы - "Қозғалыс ережелерін бұзу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны "Мицибуси Галант" автокөлігімен Рудный қаласына бет алған. Алайда ол рөлді меңгере алмай, Ауди Q7 көлігіне келіп соғылады.

Апат салдарынан Ауди Q7 қарсы бетке өтіп кетіп, "Газель" көлігіне соғылған.

Тағы оқыңыздар: Египет соты бірден 31 адамды өлім жазасына кесті

Бұл жаппай жол апатына "ВАЗ-2110" маркалы автокөлігі де тап болыпты. Оның жүргізушісі облыстық ауруханада көз жұмған.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527289-qostanay-oblysynda-zhanturshigerlik-zh-3.html